Департамент по контролю в сфере образования Акмолинской области


ι

   Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні, Ақмола облысының білім саласындағы бақылау департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» аппараттық кеңес өткізілді. Кеңеске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментінің  аса маңызды істер бойынша тергеушісі – Д.А.Касенова, Ақмола облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы – Б.А.Аширбеков, Ақмола облысы білім басқармасы заң бөлімінің басшысы – Н.С.Степанова қатысты.

22


(1 Проголосовало)
 

   Ақмола облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшылығымен 2019 жылғы 03 сәуір айында облыстың білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жайлы семинар-кеңес өткізілді. 

   Семинар-кеңеске аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мамандары, Министрлік өкілдері ретінде қатысатын білім беру ұйымдарының мамандары қатысты.
   Ақмола облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Алтаев, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Г.Тасбулатова, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы К.Мухаметжанова, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Ж.Кабдрахманова оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың ұйымдастырылуы, ережесі мен бағалау жүйесі жайлы хабардар етті. 
   Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 2007 жылғы 27 шілде №319-III ҚР «Білім туралы» Заңының 55 бабына сәйкес жүргізіледі. 
   Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың негізгі мақсаты: білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау болып табылады. ОЖСБ (оқу жетістіктерін сырттай бағалау) -бастауыш мектепте, негізгі мектепте, жалпы орта мектепте-оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізілетіндігі, ОЖСБ оқыту тілінде кешенді тестілеу түрінде өтеді.
   ОЖСБ тестіленушілері білім алып жатқан орта білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі. Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға 4,9,11 сынып оқушылары қатыстырылады, орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ны жүргізу үшін тест тапсырмаларының мазмұны жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламалардың шеңберінен шықпайтыны жайлы сөз қозғалды.
Семинар барысында оқу жетістіктерін сырттай бағалау кезінде туындайтын мәселелер, сұрақтар жайлы пікір алмасып, талқыланды.

IMG-20190409-WA0161 IMG-20190409-WA0160 IMG-20190409-WA0163 IMG-20190409-WA0164


(0 Голосов)
 

    Ақмола облысының білім саласындағы бақылау департаментінің тарапынан 2019 жылғы 04 сәуір айында «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінде «Техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының жүйесінде қолданбалы бакалавриат» атты семинар-кеңес өткізілді. 
   Семинар-кеңеске Ақмола облысының білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары, Ақмола облысы білім басқармасының мамандары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша бөлімінің меңгерушісі, техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандары қатысты. 
Ақмола облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Алтаев қазіргі таңдағы техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдары жүйесінде қолданбалы бакалавриаттың енгізілуі, туындайтын мәселелер жайлы сұрақтарды ортаға салып, тәжірибе алмасу, пікірлесу жүргізді.
    Семинар барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша бөлімінің меңгерушісі С.Сералина «Техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдары жүйесінде нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер жайлы» баяндама оқыса, «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» директорының оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А.Рахимжанова «Қолданбалы бакалавриатта кредиттік технология және модульдік-құзыреттілік тәсіл» атты баяндама, «Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжі» директордың оқу–әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Г.Калиева «Қолданбалы бакалавриат, даярланған мамандарды даярлау факторы» атты баяндама, «Шағалалы ауылындағы жоғары агротехникалық колледжі» директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Сәлімгреева «Қолданбалы бакалавриаттағы интеграцияланған оқыту» атты баяндама, «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» директоры А.Тюлебаев «Қолданбалы бакалавриаттың оқу жұмыс жоспарын жасау ерекшеліктері» атты баяндама оқыды. Ақмола облысының білім саласындағы бақылау департаментінің лицензиялау білім беру қызметі бөлімінің басшысы М.Абильмаженов «Білім беру қызметіндегі лицензиялау мәселелері туралы» атты тақырып бойынша сөз қозғады. 
   Семинар барысында әр көтерілген сұрақтар бойынша талқылау, пікір-алмасулар болды.

IMG-20190409-WA0165 IMG-20190409-WA0167 IMG-20190304-WA0015 IMG-20190409-WA0169 IMG-20190409-WA0170


(0 Голосов)
 

    2019 жылғы 26 ақпан күні Бұланды ауданы білім беру бөлімінің "Макинск қаласының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кеңес өткізілді. Аталған кеңесте Ақмола облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Алтаев, лицензиялау қызметі бөлімінің басшысы М.Абильмаженов, Бұланды ауданы білім бөлімінің әдіскерлері, Бұланды ауданы білім беру ұйымдарының басшылары, Бұланды ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы қатысты. Кеңес барысында "Мемлекеттік рәміздер туралы" ҚР Конституциялық Заңының орындалуы, 2019 жылғы білім беру ұйымдарында мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың өткізілуі, Капитоновка орта мектебіндегі ресурстық орталықтың жұмысы, аудан бойынша білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтің жұмысы, білім беру мазмұнының жаңартылған апробациясы жайлы баяндамалар оқылды. Сонымен қатар, Ақмола облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Алтаев білім беру ұйымдарында өткізіліп жатқан алдын- ала бақылау шараларының мақсаты мен міндеті, алдын -ала бақылау шарасына дайындалу жолдары мен негізгі назар аударатын мәселелер жайлы сөз қозғады. Жалпы білім беру саласындағы енгізілген өзгерістерге тоқталып, мәселелердің шешу жолдары талқыланды.

IMG-20190304-WA0014 IMG-20190304-WA0014 IMG-20190304-WA0015 IMG-20190304-WA0016 IMG-20190304-WA0018


(0 Голосов)
 


1 мен 45 беттер

 logotip


You are here: